Атырау, 28 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мұз айдыны мен сырғанақ дайын, енді аяз керек

4 126 просмотра

Бала-шаға қысқы каникулда күтпеген жерден бизнесмендердің арқасында тұтас мұз кешеніне ие болды.

ТШО кеңсесінің артындағы Құлманов көшесінде конькимен сырғанау үшін екі мұз корты мен үлкен төбешігі бар кең алаң алғашқы меймандарын қабылдауға әзір. Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, бұл бірнеше жергілікті компаниялар тобының идеясы. Мұны қалалық әкімдік қуана қолдаған:


Бұл бірнеше атыраулық кәсіпкердің: «ҚұрманҚұрылыс», «Жалынды Құрылыс» және «БатысАльянсСтрой» ЖШС-ніңбастамасы. Олар өз қаржыларына сырғанақ пен төбешік ұйымдастыруды ұсынды, біз қала орталығынан әзірге бос учаскені жарақтауды ұсындық. Бұл 10 күн бұрын болатын, бүгін екі сырғанақ пен мұз төбешік әзір болды. Содан кейін «Атыраудорзнак» ЖШС қосылып, шырша орнатты, ал «Интерэлектрокомплект» ЖШС нысанға жарық жүргізуге көмектесті. «Жаниязов» ЖК конькилерді, шаналар мен тюбингтерді жалға беруді ұйымдастырды. Алаңдарда ыстық сусындар мен жеңіл тамақтар қарастырылған, - дейді Ж.Қарағаев. – Ашылу үшін бәрі әзір, тек ауа-райы әзірге қолайлы болмай тұр. Каникул басталғанда температура төмендеп, қаламыздың балалары қысқы қызықтарды толықтай тамашалай алады деп үміттенеміз.

Бұл алаңды қала болашақ жоба үшін бөлген болатын (жоба бекітіліп қойылған, құрылысты 2017 жылдың көктемінде бастау жоспарланған). Бірақ аяқ астынан, кәсіпкерлердің бірлескен күшімен жасалған жоба қала тұрғындарының қолдауына ие болатын болса, әкімдіктегілер келесі маусымға дейін ол үшін тұрақты алаңдар табуға уәде беріп отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН
27 желтоқсан 2016, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.