Атырау, 14 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақмола облысында жоғалған полицейдің мәйіті табылды

2 148 просмотра

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 желтоқсан күні Ақмола облысы бойынша ІІД қызметкерлері шұғыл-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалған полиция аға лейтенанты Д.М.Еламановты өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД-нің мәліметі бойынша, күдіктінің сөзіне қарағанда, ол əріптесін екеуара болған кикілжің салдарынан өлтірген.

Қазіргі кезде, мəйіт табылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, күдікті қылмысын мойындады және заттай айғақтар алынды. Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұған дейін Көкшетау қалалық ІІБ полиция қызметкері Еламанов Дархан Мұратұлының жоғалып кеткендігін хабарлаған болатын. Кейін әлеуметтік желілер арқылы жоғалған полицейдің суреті мен ол туралы анықта мәліметтер бар бағыттама тарады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 желтоқсан 2016, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.