Атырау, 15 қаңтар 00:11
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Қазақстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көмек қаржы бөлмек

2 499 рет қаралды

Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 миллион доллар бөледі. Қырғызстан вице-премьері Олег Панкратовтың Азаттыққа айтуынша, бұл туралы келісімге Санкт-Петербургте қол қойылған.

Оның сөзіне қарағанда, көмек көрсету туралы келісім бұрын-ақ жасалғанымен, енді ғана қол қойылған.

Бөлінген қаржы бақылау-өткізу пунктеріндегі жағдайды жақсартуға және Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) нормаларына сай зертханалармен қамтамасыз етуге жұмсалады.

26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше елдер одақтың кеден кодексіне қол қойған. Жоспар бойынша, кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 желтоқсан 2016, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.