Атырау, 14 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ыдырысов: Қырымның мәртебесі түпкілікті анықталмаған

1 919 просмотра

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанда жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғаларға Ресейдің Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінде "тікелей екі жақты өзара қарым-қатынас жасаудан" мүмкіндігінше тартына тұруға кеңес берді. Ыдырысов бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте айтты,- деп хабарлады Азаттық.

"Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне қатысты олар бұл әкімшілік құрылымның мәртебесі анықталмағанын ескеруі тиіс екенін айтқым келеді. Біздің кеңесіміз - бұл тұрғыда қандай да бір тіке өзара іс-әрекеттестіктен тартыну керек" деді Ыдырысов. Ол көптеген елдер мен компаниялар "Қырымдағы ахуалға байланысты "ыңғайсыз жағдайда қалғанын" айтты.

"Біз халықаралық құқықтық тәжірибеде Қырымның мәртебесі түпкілікті реттелмеген деп санаймыз. Мәртебесі анықталмағандықтан біз Ресей мен Украина бұл мәселені түпкілікті шешудің саяси я өзге мүмкіндіктерін табады деп ойлаймыз. Бұл - ең алдымен олардың өз араларындағы мәселе" деді министр Ыдырысов.

19 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымды "Ресей уақытша оккупациялап алған территория" деп, ал Ресейді "басқыншы мемлекет" деп танитын қарар қабылдаған. Қазақстан бұл қарарға қарсы дауыс берген.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 желтоқсан 2016, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.