Атырау, 14 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ту-154 ұшағының "қара жәшігі" табылғаны хабарланды

2 400 просмотра

Сүңгуірлер Қара теңізге құлаған Ресейдің әскери Ту-154 ұшағының "қара жәшігін" (ұшақ кабинасындағы ақпараттарды жазып алатын құрылғы) тапты деп хабарлады Азаттық ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Құрылғыны жақын уақытта судың бетіне шығару жоспарланып отыр.

Агенттік дереккөзі теңізде қаза тапқан тағы үш адамның денелері мен түрлі заттар табылғанын айтқан. Бұған дейін "Интерфакс" агенттігі теңізден қаза тапқан 80 адамның денелері табылғанын хабарлаған. Ұшақ апат болған аймақта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

25 желтоқсанда таңертең Сочи аэродромынан Сирияға ұшып шыққан Ту-154 ұшағы әуеге көтерілген соң ұзамай апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 8 экипаж мүшесі мен 84 жолаушы болған. Жолаушылар арасында ресейлік әскери қызметкерлер, Сириядағы "Хмеймим" әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері және ресейлік тоғыз журналист болған.

Мерт болғандардың арасында "Әділетті көмек" қорының жетекшісі, танымал дәрігер Елизавета Глинка да бар.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 желтоқсан 2016, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.