Атырау, 28 қараша 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«ІІБ-9» ісі: Өтеуов бұрынғы жауабынан бас тартып, бүкіл кінәні өз мойнына алды

Сурет Бейнежазба
4 287 просмотра


Бүгін, 26 желтоқсанда таңертең Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Манарбек ӨТЕУОВ – түрлі қылмыстар бойынша айыпталған ҚІІБ-нің тоғыз полицейіне («Сот полицейлер туралы іс бойынша айыпталушылардың есімдерін атады») қатысты істің басты фигуранты күтпеген жерден мәлімдеме жасады.

Ол бұрынғы жауабынан бас тартып, бүкіл кінәні өз мойнына алатынын мәлімдеді.

- Мен бұл қадамға тергеу абақтысында отыру адам төзгісіз болып кеткендіктен барып отырмын. Мекеме қызметкерлері, соның ішінде Қанат ҚАДЫРОВ маған қысым көрсетеді. Мен, шынымды айтсам, қатты шаршадым, үш күн тамақ ішкен жоқпын, аштық жарияладым, маған жедел-жәрдем шақырыңыздар, - деді.

Бұдан бірнеше күн бұрын экс-полицей наразылық ретінде түрме қасығын жұтып қойып, шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілген еді. Ол жерде оған сәтті ота жасалды.

Мені кері апарған кезде, өз-өзіме келіп үлгертпестен, мені бірден карцерге қамап тастады, - деді Өтеуов қиналған түрде. Содан соң дұрыстап тұра да алмайтынын көрсетіп еңкейді.

Судья Дәуренбек ДАУМОВ сұрақ қойды:

Сіз неліктен жауабыңызды бұлайша күрт өзгертіп отырсыз, не болды?

Ең алдымен өз туыстарым мен жақындарымның өмірі үшін қауіптенемін, егер мені тезірек колонияға этаппен жіберсе қуанар едім. Тағы да айтамын: бүкіл қылмыстарды мен жасадым, басқа сотталушылар бұған кінәлі емес.

Осыдан кейін Өтеуовті қолтықтап залдан алып кетті, ал бірнеше минуттан соң жедел жәрдем көлігі келді.

Залда орнаған тыныштықты судья Даумов бұзды. Ол түстен кейін УГ-157/1 мекемесінің қызметкері Қанат Қадыровты шақыртуды ұсынды. Алайда, бұған адвокаттар қарсы болды. Өйткені, олардың пікірінше, Өтеуов режимді бұзғаны үшін әділ жазасын алды деген нұсқаны айтады, мұның сотқа еш көмегі болмайды деді. Судья қорғау тарапының пікірімен келісіп, үзіліс жариялады. Түстен кейін тоғыз сотталушының қайсысы іс жүргізу келісімін жасайтыны белгілі болады. Ертең тараптардың жарыссөзі өтеді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

26 желтоқсан 2016, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.