Атырау, 21 желтоқсан 07:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мұнаймен ластанған жерді қалпына келтіретін боласыздар

8 244 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.

Жылыой аудандық прокуратурасы экологиялық заңнамалардың бұзылу фактілерін анықтады.

Аудандық прокуратураның және облыстық экология департаментінің мамандары «Карпет» ЖШС-нің КамАЗ жүргізушісі «Қожан» ЖШС-іне қатысты «Морское» кен орнынан алынған мұнай аралас жерасты суын далалық жерге төгіп жатқанының үстінен шықты. Бұл жайт бірінші рет қайталанып отырмағанға ұқсайды, себебі, жердің біршама алаңы ластанған, мұнай жерге 35 см сіңген.

- «Қожан» ЖШС-нің жауапты тұлғаларына 848 400 теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВ. – Олар ластанған жерді қалпына келтіруге міндетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2016, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.