Атырау, 21 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Жайылымды қоқыс алаңына айналдырған

3 943 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.

Жылыой аудандық прокуратурасы бірқатар ауылдық округтерінде және Құлсары қаласында жерді бүлдіру фактілерін анықтады.

Жаңа Қаратон поселкесінің жанында вакуумдар кәріз қалдықтарын жайылымдық жерге ағызып отырған. Жем, Ақкиізтоғай, Қара арна, Қосшағыл, Майкөмген ауылдық округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар рұқсат етілмеген жерде орналастырылған.

- Заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, - дейді Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВ. - Ауылдық округтерінің әкімдері аппаратының лауазымды тұлғаларына 31 815 теңге айыппұл салынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.