Атырау маңындағы пайдаланылмаған учаскелердің қожайындары үшін жер салығы 10 есеге көбейтілетін болады.
Бұл туралы қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ хабарлады. Оның айтуынша, қалалық әкімдік алынған уақыттан бері бірнеше жыл бойына пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізуде. Бұлар жеке тұрғын үй құрылысына берілген жерлер емес, билікті бірнеше гектар болатын үлкен учаскелер қызықтырып отыр. Кезінде адамдар көп етіп алып, енді оларды кері сатумен айналысуда.
Қазіргі уақытта «тұрып қалған» 160 учаске анықталды. Олардың 126-ына шара алу үшін тиісті органдарға материалдар жіберілді. Оның үстіне, қалалық мәслихат қаулы қабылдап, соған сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын учаскелерге он есе мөлшерде салық салынатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА