Атырау, 27 қараша 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде ұшақ апатынан 92 адам мерт болды

2 335 просмотра

Сочиден Сирияға ұшып шыққан ресейлік Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлап, ұшақтағы 92 адам түгел қаза болды. Ресейде желтоқсанның 26-сы ұлттық аза тұту күні болып жарияланады,- деп хабарлады Азаттық.

Ресей қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы жексенбі, желтоқсанның 25-і күні таңертең Мәскеу уақытымен сағат 5.20-да Сочи қаласы аэродромынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Сирияның Латакия қаласына бет алған ұшақ оның алдында Мәскеу облысындағы Чкалов әуежайынан шығып, Сочиге жанармай құюға аялдаған еді.

Бірінші сынып ұшқышы Роман Волков басқаратын ұшақ Сочи әуесіне көтерілісімен арада жеті минут өткенде жағалаудан шамамен бес шақырымдай қашықтықта теңізге құлағаны кейін анықталды.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақта 8 экипаж мүшесі мен 84 жолаушы болған. Жолаушылар арасында ресейлік әскери қызметкерлер, Сирия жеріндегі "Хмеймим" әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері және ресейлік тоғыз журналист болған. Олардың тізімі Ресей қорғаныс министрлігі сайтында жарияланды.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 желтоқсан 2016, 23:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.