Атырау, 28 қараша 02:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырау әкімі Серік Шапкенов: «Мен жабық адам емеспін»

3 764 просмотра

Image 0

Көпшілік алдына шығуға міндеттейтін жауапты орынға отырса да, Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВТІҢ баспасөзбен тілдесуге онша ықыласы жоқ. Сондықтан 23 желтоқсанда өткен брифингті оның атыраулық журналистермен алғашқы диалогы деп атауға болады.

Қала басшысының тұйықтығын қала тұрғындары да байқады. Әлеуметтік желілерде тіпті әзіл пост пайда болып, бір қуақы пайдаланушы оған іздеу жариялау керек деген өтініш қалдырыпты. Журналистер әкімнен бұлайша жабық болу себебін және оның БАҚ өкілдерімен байланысуына мүмкіндік туғызатын баспасөз хатшысы бар ма деп сұрады.

- Алғаш келген күннен бастап мені Фейсбуктен іздеп, комментарий сұрай бастады. Мен ашық адаммын, бастапқы кезде тағайындалғаннан кейін белгілі бір мәселемен, мәселен, көлік тасымалы бойынша 10-15 адамнан қабылдадым. Одан басқа, азаматтарды ағымдық қабылдауым бар. Облыс, қала әкімдері қатысатын барлық шараларға қатысамын. Сол жерде мен әр журналистке қолжетімдімін, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Қалалық әкімдіктің бұрынғы баспасөз хатшысы басқа жұмысқа ауысып кетті, жақын күндері басқа қызметкерді алатын шығармыз. Сол адаммен байланыста бола аласыздар. Яғни, жабық әкім дегенге қатысты келіспеймін, - деп жауап берді Серік Шапкенов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 желтоқсан 2016, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.