Фото: Konstantin Von Wedelstaedt / Wikipedia
Ливияның Afriqiyah Airways әуе компаниясының қарулы екі адам басып алған A320 ұшағындағы жолаушылар босатылды. Мальта әуежайына қонған ұшақтан 111 жолаушы шыққан, экипаждың жеті мүшесі іште қалған,- деп хабарлады Азаттық.
Ұшақты басып алғандар "лайнерді жарып жібереміз" деп доқ көрсеткен. Мальта билігі қарулы адамдардың ұшақты басып алғанын растады, бірақ олардың нені талап еткендерін айтпады.
Ұшақ тұрған әуежай жабық. Барлық рейстер Сицилия аралындағы әуежайға қонып жатыр.
Бүгін Ливияның Сабх қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да ұшып шыққан 8U209 рейсі Триполиге 11:20-да қонуы керек болған. Бірақ ұшақ Мальтаға бұрылып кеткен.
Дереккөз: Азаттық