«Жаңа Ақпараттық Импульс» коммериялық емес ұйымы «Ақпараттық Технологиялар Ғасыры Қоғамы» (АТҒҚ) жобасының жылдық жұмысын қорытындылады.
Бұл жоба ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Атырау қаласы мен Жылыой ауданының көптеген тұрғындары семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысты. Бұл ұйымның компьютерлік сыныптар базасында немесе ҮЕҰ-ның компьютерлік сыныбында тегін оқытылады. Жоба дербес компьютерді жаңа пайдаланушы мен тәжірибелі қолданушыға үш деңгейлі тренинг ұсынады. Мақсаттық аудитория – өз еңбектерін анағұрлым тиімді жасағылары келетін, балаларға оңай игерілетін материал ұсынғылары келетін орта мектеп, колледж, балабақшалардың оқытушылары. Олардан басқа, тренингтерге балалар үйі мен интернаттардың тәрбиеленушілері, жұмысқа орналасу мақсатымен біліктілігін арттырғысы келетін жұмыссыздар, «Ана үйіндегі» әйелдер келеді. Жоба ТШО қолдауымен жүзеге асырылуда.
- Бұл, әсіресе, табыстары көп емес жандар үшін өте қажет. Біз күн сайынғы жұмысты жеңілдететін көптеген пайдалы ақпарат алдық, - дейді №30 балабақшаның тәрбиешісі Тәнзила БЕГЕЕВА.
«АТҒҚ» жобасы Атырауда 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде оған 4 мыңнан астам қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба келер жылы да жалғасын табады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА