Бірнеше жыл бұрын Самал ықшамауданындағы №19 көшеге газ бен су құбыры жүргізіліп, оған тұрғындар жалғанған болатын. Биыл асфальт төселді. Бәрі де жақсы. Тек желтоқсанда бұл жерде тағы да экскаваторлар пайда болып, жаңа газ бен су құбырларын жүргізу үшін жол жиегінен шұңқырлар қаза бастады. Кейбір жергілікті тұрғындар бұған түсіне алмай, «АЖ»-ға хабарласты.
Вячеслав:
- Көше қиылыстарында диаметрі жақсы, өрт сөндіру гидранты бар су құбыры тұрғанда бізге мұның қажеті қанша? Су үнемі келіп тұрады. Тағы бір тұрба неге керек? Мердігерлер өздерінде жоба бойынша біздің коммуналдық жүйелердің жоқ екенін айтады. Бұдан басқа, олар қазып жатқан жерде телефон желісі бар. Олар желіні зақымдауы мүмкін. Туындаған қолайсыздық салдарынан аулаға машинаның кіріп-шығуы проблемаға айналды. Бұл бюджет қаржыларын желге ұшыру, менің пікірім осы.
Вячеславты көршісі Берік те қолдады.
Жер қазу жұмыстары қызу жүріп жатқан №19 көшеден жобаның жүзеге асуына бақылау жүргізіп жүрген қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бастығы Дулат ЖҰМАШЕВТІ кездестірдік. Ол былай деп хабарлады:
- Бұл жерде «Атыраукөлік» ЖШС инженерлік-комуналдық инфрақұрылым – газ, электр жүйлерін, су құбырлары мен жолдар салуда. Бұл жерде әңгіме Самал ықшамауданындағы
Өз атын атамауды жөн көрген мердігер компанияның өкілі былай деді:
- Олар неге шағымданады? №1 және №19 көшелердің аралығында газбен және сумен қамту құбырлары 2014 жылға дейін жүргізілді. Бұл көшелер ықшамауданның ортасындағы шаршыны құрайды. Ал Самал ықшамауданында 22 көше мен 19 өткел бар. 3 көше мен 19 өткел коммуникациялармен қамтылмаған. Егер болса да, қолдан жасалған. Осы себепті Самал тұрғындарының басым көпшілігінде электрмен, сумен және газбен қамту жүйелерінде іркілістер жиі орын алып тұрады. Маған үйлері коммуникациялармен жарақталған және жоқ жерден шу шығаратын тұрғындардың ұстанымы мүлдем түсініксіз. Біз бұл жерде өркениет игілігі Самал тұрғындарының баршасында болсын деп жұмыс істеп жүрміз.
Осы кезде оған қарамағындағы қызметкер келіп, жер қатып қалғандықтан екі экскаватордың бұзылып қалғанын хабарлады. Бастығы қосалқы бөлшектер тауып, қазуды жалғастыруға тапсырма берді.
- Су құбырын қыста жүргізуге бола ма?
- Иә, болады. Біз қазір жүргіземіз, қысыммен тексеру жұмыстарын жасаймыз, ал суды жазда береміз.
Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, «Атыраукөлік» ЖШС Тасқала, Тасқала-4, Водниково-3, Өркен, Сарықамыс-2, Самал, Жұлдыз-2, 3, Ақжар, Еркінқала және Балауса ықшамаудандарының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдарын салу жобасының мердігері болып табылады. Бұл жобалардың барлығы келер жылға қалдырылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН