Атырау, 28 қараша 04:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бір реттік материалдық көмекті кім алады?

7 254 просмотра

Image 0

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және АХАТ «Ақ Жайық» газетіне ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай берілген бірреттік материалдық көмек нақты кімдерге тиісті екендігіне қатысты егжей-тегжейлі түсінік берді.

Төлемдер бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі және оның көлемі 25 мың теңге. Ол мемлекетттік атаулы әлеуметтік көмек (кедейлік шегінің мөлшерінен аспайтын орташа кірісті отбасылар -9 603 теңге) алушыларға; 18 жасқа дейінгі балалары үшін мемлекеттік жәрдемақы (азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын орташа кірісті отбасылар -14 404 теңге ) алатындарға; ай сайынғы кірісі күнкөріс минимумының есептелген көлемінен аспайтын тұрғын үй көмегін алушыларға - 24 007 теңге; күнкөріс минимумы көлемінен аспайтын ай сайынғы адам басына шаққандағы орташа кірісі аз қамтылған отбасыларға - 24 007 теңге арналған.

– Ережелерге сәйкесті бір реттік материалдық көмек жылына бір рет тағайындалады. Сондықтан да қазіргі төлем жыл басынан бері қандай да бір себептерге орай бір реттік жәрдемақы алмаған тек жоғарыда аталған санаттағы отбасыларға ғана берілетін болады, - деп нақтылады қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Рая ОРАЛОВА.

Қосымша ақпараттарды АХАТ және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 76-60-21, 76-60-31, 76-60-24 телефондары арқылы хабарласып, алуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 желтоқсан 2016, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.