Атырау, 28 қараша 04:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу мүмкін бе? Мүмкін!

PR
3 391 просмотра

Image 0

20 желтоқсанда «Ембімұнайгаз» АҚ орталық кеңсесінде компанияның төрт қызметкерін құрметті демалысқа шығарып салу салтанаты өтті. Қызметкердің төртеуі де компанияда жүзеге асырылып жатқан «Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу бағдарламасының» аясында ерте зейнеткерлік демалысқа шығып отыр.

Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу бағдарламасын «Ембімұнайгаз» АҚ мен өмірді сақтандыру жөніндегі «Халык-Life» «Қазақстан Халық Банкі еншілес компаниясы» АҚ компания-операторы бірлесіп әзірлеген.

Image 2

- Бағдарламаның арқасында еңбек өтілінің басым бөлігін мұнай саласының ауыр жұмысында өткізген және денсаулығында кінәраты бар қызметкерлер құрметті демалысқа мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік алды. Бұл үшін компания оларға қаржылық қолдау көрсетіп отыр, яғни, Бағдарламаның компания-операторына кейіннен біздің қызметкерлерімізге ай сайын төлеп отыру үшін бірнеше жылға алдын-ала ақша аударды. Осылайша, ЕМГ денсаулықтарын өндіріске сарп еткен қызметкерлердің өмірін жақсартып және компанияның кадрлық құрамын жаңартып, бірнеше мәселені қатар шешіп отыр, - деп мәлімдеді салтанатты шарада бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ.

Төрт зейнеткер Бағдарлама қызметін ерікті түрде пайдалануды ұйғарды. Олардың үшеуі - жұмысшы мамандар - көп жылдар бойына «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нің өндірістік құрылымдық бөлімшесінде еңбек еткен слесарь-жөндеуші, автобус жүргізушісі, арнайы техника жүргізушісі. Бұл қызметкерлердің зейнеткерлікке шығу мерзімі тек 2019 жылы басталады. Осы бағдарлама аясында мерзімінен бұрын демалысқа шыққан зейнеткерлер ресми зейнеткерлік жасқа жеткенше ай сайын еңбекақыларының 60 пайызы мөлшерінде және еңбек еткен жылдары үшін төлемдер алып тұратын болады.

Image 1

«Ембімұнайгаз» АҚ-да Мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу бағдарламасы 2014 жылы жүзеге аса бастады. Бағдарлама іске қосылғаннан бастап ЕМГ өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің 116 қызметкері осы мүмкіндікті пайдаланып, зейнеткерлік демалысқа шықты.

- Мен бір жыл бұрын жасым толмай зейнеткерлік демалысқа шықтым. Соңғы жылдары ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстарын жасадым. Бұл мұнай саласындағы ең ауыр жұмыстардың бірі. 2009 жылы «Үздік маман» байқауында өз мамандығым бойынша үздік деп танылдым, басшылығымнан алған грамоталарым бар. Алайда уақыт өзінікін алады екен, ауысымдық жұмыс кестесімен жұмыс істеу қиынға соғатын болды. Зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік бергені үшін компания мен басқарма басшылығына алғысым шексіз. Енді өз денсаулығыма көңіл бөлуге уақытым бар, әрі ай сайын әжептәуір төлемақы да алып отырамын, - деп әңгімелейді зейнеткер, «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының Ботахан кенішіндегі ұңғымаларды жерасты жөндеу учаскесінің бұрынғы 6-разрядты машинисі Ізқайыр ШАҒЫРОВ.

22 желтоқсан 2016, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.