Ганюшкин ауылының РТС шағын елді мекенінде бір қабатты он үйдің кілті бюджеттік қызметкерлерге салтанатты түрде тапсырылды.
Үйлердің жалпы құны бюджет қаржысының 150 млн теңгесіне бағаланған. Мердігер «Жылыойпласт» ЖШС.
- Бұл баспаналар дәрігерлерге, әскери комиссариатқа және үш отбасына беріліп отыр. Дәрігерлер баспанасы болмаған соң мұнда көп тұрақтамайтын. Баспанамен қамтылған соң тұрақтайды деп үміттенеміз, - дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА