Атырау, 28 қараша 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бізде тұтынушылар талап етпейді

2 592 просмотра

Image 0ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Барлық облыстарға және Алматы мен Астана қалаларына жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, орташа алғанда Қазақстанда бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қоғамдық көлік салалары тұтынушы құқығы бұзылатын негізгі салалар деп аталды. Саудаға келер болсақ, атап айтқанда, сауал жүргізілгендердің 34 пайызы баға көрсеткіштері мен чектерде көрсетілген мәліметтердің сәйкессіздігіне, 29 пайызы – алу үшін қосымша тауарды тықпалайтындығына, 25 пайызы – қызметкердің дөрекілігіне, 17 пайызы – тауарды ауыстырудан бас тартатындығына, 11 пайызы - тауар туралы шынайы ақпараттың ұсынылмауына, 9 пайызы – дүкенге балалар арбасымен кіруге кедергі болатындығына, 8 пайызы – сөмкені тексеріп қарайтындығына, 6 пайызы – дүкендерде суретке түсіруге тыйым салатындығына шағымданды.

Тұтынушылар өздерінің тек кей кездері ғана сатып алар алдында тауарлардың жарамдылық мерзімін, оларда ықтимал зиянды қоспалардың бар-жоғын сирек тексеретіндігін, ал сауда орындарында орналастырылатын тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ақпаратты елемейтіндерін мойындады. Сауал жүргізілгендердің басым көпшілігі тұтынушылар құқығы бұзылған кезде өз құқықтарын қорғау үшін ешқайда хабарласпаған. «Өз құқығыңды сотта қорғау ниеті тауар құнына байланысты болады. Егер ол едәуір үлкен болса, онда сауал жүргізушілердің көпшілігі сотқа баруға әзір. Әйтпесе, олар мұны қолға алмайды», делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

Ал комитеттің Атырау облысы бойынша департаментінде біздің өңір бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижелерін ұсынудан бас тартты.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.