Жылыой ауданында Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Құрманғазы аудандарынан келген кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпкерлердің I форумы болып өтті.
Форум барысында ауданда жолаушыларға қызмет көрсету кешені (асхана, ТҚС және қонақ үй), мал сою цехы, наубайхана және тағы да басқа кәсіпкерлік бағыттағы нысандардың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
- Форумның мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолдауға бастамашылық және шағын кәсіпкерлердің ірі кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, - дейді Жылыой аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Қанат МЫҢБАЕВ.
Форумда бизнес-тренерлер Ахметбек НҰРСИЛА, Ғалым ЖҰҚҰПБАЕВ, Асқар СЕКЕРБАЕВТАР шеберлік сабақтарын өткізді.
Сондай-ақ, Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВ пен «ЖылыойГаз» ЖШС директоры Жазира ЕРМЕКОВА 2017 жылы жаңадан ашылатын кәсіпкерлік нысандары бойынша газ жүйесінің жұмысшы жобасын және монтаждау ісін жүргізуге кететін шығын бағасын 15-20 пайызға төмендету туралы меморандумға қол қойды. «Насар Салюшн» ЖШС, «Ариадна» ЖШС, «Жылыой кәсіпкерлері» ҚБ, «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС отандық тауар өндіруші кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА