Атырау, 28 қараша 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Депутаттар Атырау қаласының 2017 жылғы бюджетін бекітті

3 346 просмотра

2017 жылы Атырау қаласының бюджеті 99 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Депутаттар мұны 20 желтоқсанда өткен қалалық мәслихаттың кезекті VIII сессиясында бекітті. Ал 70 млрд 203 млн теңге облыстық бюджетке алынатын болады.

Қалған қаржы былайша бөлінеді: Білім беру саласына – 16 млрд 34 млн теңге. Бұл сомаға балабақшаларды (1 млрд 711 млн); мектептерді (10 млрд 270 млн); музыка мектебін, мектептен тыс орталықты, балалар-жасөспірімдер клубтарын (633 млн) ұстау; оқулықтар алу (494 млн), жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағу үшін қамқоршылар мен қорғаншыларға ай сайынғы төлем (59 млн); білім беру нысандарын күрделі жөндеу (383 млн); мультимедиялық кабинеттер жарақтау (461 млн) және т.б. кіреді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына 790 млн теңге бөлінеді, соның ішінде, қоғамдық жұмыстарға 121 млн, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 15 млн, жастар тәжірибесі мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға 20 млн, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 45 млн, үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтуға 6 млн, үйде күтім жасауға мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге 70 млн, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыға 39 млн, мүгедектерге арналған арнайы құрылғылар мен гигиеналық құралдар алуға 77 млн, «Инватакси» қызметін ұстауға және т.б. 13 млн теңге.

8 млрд 240 млн теңгені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына, 2 млрд 114 млн – Береке ықшамауданындағы бес несиелік және екі арендалық тұрғын үй құрылысын жалғастыруға, 575 млн – сол ықшамаудандағы төрт тұрғын үй құрылысын бастауға жұмсау жоспарланып отыр.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) дамытуға 645 млн теңге бөлінеді. Бұл сомаға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша (500 млн) жеке құрылыс салушылар салып жатқан тұрғын үйлерге ИКИ жүргізу (75 млн) мен Нұрсаяда ИКИ жүргізу (70 млн) кіреді.

Дамбы, Кеңөзек және Еркінқала ауылдық округтерінің әкімшілік ғимаратын салуға 249 млн теңге бөлінеді; Еркінқала ауылында, Атырауда Байжігітова көшесі, 84 мекен-жайында, Привокзальный 5-ықшамауданындағы №22, 23 үйлерде спорт алаңын салуға – 49 млн; Нұрсаяда 900 орындық мектеп құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) даярлауға – 24 млн; Самал ықшамауданындағы 624 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ даярлауға – 14 млн; 20 балабақша құрылысына ЖСҚ жасақтауға – 275 млн; 8 мектептің ЖСҚ-на – 128 млн; әуежай трассасын жарықтандыруды күрделі жөндеуді жалғастыруға - 159 млн; көшені жарықтандыруға – 130 млн; қала және ауыл округтерін санитарлық тазартуға және дезинфекциялауға – 801 млн; жасыл көшеттерді отырғызуға және күтім жасауға - 240 млн; бұрқақтарға техникалық қызмет көрсетуге, бақтар мен алаңдарды ұстауға – 54 млн; ойын және спорт алаңдарын ұстауға - 20 млн; жаңа ойын алаңдарын орнатуға– 52 млн; автокөлік жолдарын салуға ЖСҚ жасақтауға - 450 млн; жылдамдық өлшегіштерге техникалық қызмет көрсетуге және тексеруге – 15 млн; жол кедергілерін орнатуға - 12 млн.

Келер жылы мәдениет пен спорт саласына қалалық бюджет 724 млн 918 мың теңге жоспарлап отыр. Атап айтқанда, көпшілік кітапханаларды ұстауға 114 млн, «Мұнайшы» клубын ұстауға 37 млн, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін ұстауға - 234 млн теңге; жастар саясаты желісі бойынша шаралар өткізуге – 14 млн теңге; мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу қызметтеріне – 10 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Қалған қаржылар мәдени-демалыс жұмыстары мен ҮЕҰ жұмысына жұмсалады.

Ветеринария қызметіне 66 млн 577 мың теңге жұмсау жоспарланып отыр, соның ішінде, эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізуге – 8,8 млн; қаңғыбас иттерді аулауға және жоюды ұйымдастыруға - 27 млн, малды сәйкестендіруге - 5 млн теңге.

Қала базарларындағы ветеринарлық қызметтің нашар жұмысы және қаладағы мал базарларының жалпы санитарлық жағдайы депутаттардың сынын туғызды. Қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ мал базарларының жағдайына қатысты ахуалды түзеу өте қиын екенін, бірақ бұл бағытта жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Бұдан басқа, депутаттар дератизация мәселесін көтерді – соңғы кездері қала тұрғындары тышқандар мен егеуқұйрықтардың көбейіп кеткендігіне шағымданады. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, келесі жылы дератизацияға ақша бөлінеді, бірақ смета әлі әзір емес және бұл мәселе келесі сессияда қаралады екен. Тағы бір өзекті проблема – көшелерді жарықтандыру. Қалалық әкімдік оны мемлекеттік-жеке серіктестік аясындағы инвестициялар арқылы шешуді жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 желтоқсан 2016, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.