Атырау, 14 қазан 03:16
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталды

Бейнежазба
2 323 просмотра

"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары Б.Копобаев пен А.Жәңгірбаевті ұстады.

"Лауазымды тұлғалар жоспарлы түрде өтетін тексерістер кезінде "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашевтан мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы ереже бұзушылықтарды көрсетпеу үшін 16 000 000 теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, бұл қылмысқа "Қазақавтожолдың" облыстық филиалдарындағы басшылары да тартылған. Олар мемлекеттік аудиторларға пара жинап жүрген", - делінген хабарламада.

"Аса ірі көлемде пара алғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Б.Копобаева мен А.Жәңгірбаева, пара бергені үшін бас директор С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бас есепші Ш.Қорғанова, бөлім жетекшілері Б.Елемесов, К.Әжіғұлов, сонымен қатар, "Қазақавтожол" облыстық филиалдарының жетекшілері ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пара бергендер мен пара алғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.


Дереккөз: Tengrinews.kz

20 желтоқсан 2016, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.