Атырау, 14 қазан 03:17
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚР СІМ Түркияда Ресей елшісінің өлтірілуіне байланысты мәлімдеме жасады

2 377 просмотра

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркияда Ресей Елшісі Андрей Карловқа шабуыл жасалуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР СІМ Анкарада орын алған Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін қатаң түрде айыптайды. Егеменді елдің уәкілетті өкіліне қарсы бағытталған аталмыш лаңкестік актісі үрей ұялатуға және Түркия мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына іріткі салуға бағытталған. Ресейлік тарапқа, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және ешбір ақтауға жатпайтын аталмыш дұшпандық актіні Түркияның құқыққорғау органдары жіті тергеп, оның ұйымдастырушылары лайықты қатаң жазаға тартылатынына үміт білдіреміз», - делінген ҚР СІМ-нің мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін түрік елінде фотокөрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп тұрған РФ Елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл жасалып, ол ауруханада көз жұмды.

Дереккөз: Іnform.kz

20 желтоқсан 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.