Атырау, 25 қыркүйек 03:16
 дождьВ Атырау +21.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

«Сарайшықты» қаңтарда қалпына келтіруді бастайды, ал әзірге жәрмеңке болады

2 721 рет қаралды

16-17 желтоқсанда «Сарайшық» коммуналдық базарының жанындағы алаңда мерекелік жәрмеңке өтеді. Ол жерде қала тұрғындары жергілікті тауар өндірушілердің өнімін нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен ала алады.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВ хабарлады. Өртенген «Сарайшық» коммуналдық базарының өзіне келер болсақ, Р.Ибраевтың айтуынша, нысанды күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен, тендерлік процедуралар басталды. Мердігер 2017 жылы қаңтар басталғанда белгілі болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
15 желтоқсан 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.