Атырау, 14 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

2 132 просмотра

Ардақ Теңгебаев ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

ҚР Үкіметінің жарлығымен Теңгебаев бұрынғы жұмысынан босатылды. 14 желтоқсанда ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов МКК құрамымен кездесу кезінде ведомствоның жаңа төрағасын таныстырды.

Қаржы министрі Ардақ Теңгебаевтың білімі мен тәжірибесі, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен ретті қызметі алға қойған мақсаттарды дер кезінде және сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенімділік білдірді.

Өз кезегінде Ардақ Теңгебаев ел басшылығы мен министрліктің артқан үмітін ақтауға бар күшін салатынын айтты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 желтоқсан 2016, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.