Атырау, 14 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астанада Президенттің қатысумен Тәуелсіздік мерейтойына арналған салтанатты жиын өтуде

1 890 просмотра

Фото: inform.kz

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына еліміздің мемлекеттік рәміздері енгізіліп, әнұранымыз орындалды. Осыдан кейін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бүгінгі салтанатты жиынға мемлкеттіміздің дамуына, Тәуелсіздіміздің нығаюына зор үлес қосқан елеулі азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінен келіп отырғандығын атап өтті.

«Қазақстаның Тәуелсіздігі мен Елбасының есімі егіз ұғым. Сондықтан біз бәріміз Тәуелсіз мемлекеттің атынан осы ең қастерлі мерекеге орай Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, бүкіл әлем көреген саясаткер, ұлы мемлекет қайраткері ретінде мойындап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен құттықтап, кемеңгерлік қызметіне зор ризашылығымызды білдіріп, зор рахмет айтамыз», - деді Сенат спикері. Тоқаев осыдан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 желтоқсан 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.