Атырау, 13 мамыр 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

4 087 просмотра

Индер ауданы

Индер ауданындағы ауылдарға жазғы су құбыры тартылуда.

Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 133 млн теңге бөлінген. Жазғы су құбырларын тарту жұмыстары Индербор поселкесінде және Елтай, Өрлік, Көктоғай, Жарсуат ауылдарында жүріп жатыр. Мердігер - «ТэссПроект» ЖШС.

- Жұмыстың 30 пайызын жылдың аяғына дейін бітіреміз. Күннің салқындығына қарамастан жұмыс қарқынды жүріп жатыр, - дейді аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

***

Индербор поселкесінде екі спорт алаңы пайдаланылуға берілді.

Әрқайсысының құрылысы 14 млн теңгеге бағаланды. Мердігер - «Жолаушы Жолы» ЖШС. Спорт алаңдары футбол, баскетбол, волейбол, теннис ойнауға арналған.

***

Жылыой ауданы

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында 160 орындық жаңа балабақша ашылды.

Бұл ауылда бұрын-соңды балабақша болған емес. Балабақша ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВТЫҢ айтуынша, 2017 жылы Жаңа Қаратон ауылында 280 орындық балабақша, Майкөмген ауылында 100 орындық балабақша, Шоқпартоғай ауылында, Қосшағыл ауылында және Тұрғызба ауылында 160 орындық балабақшалар пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.