Атырау, 28 қараша 04:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Индерборда мәдениет үйі пайдаланылуға берілді

3 008 просмотра

Индербор поселкесінде ТШО-ның демеушілігімен 400 орындық жаңа мәдениет үйі пайдаланылуға берілді. Жергілікті халық оған Индер топыра-ғында дүниеге келген қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды ДОСЫМОВТЫҢ есімін беруді ұсынып отыр.

Нысан құрылысын «АтырауРемСтройМонтаж» ЖШС жүргізді. Оны тапсыру мерзімі 2017 жылға жоспарланған болатын, алайда, мердігер құрылысты мерзімінен бұрын бітірді. Ашылу салтанатынан кейін танымал эстрада әншісі Роза РЫМБАЕВА тегін концерт берді. Концерттің өтуіне мердігер компания демеушілік көрсетті.

- Жаңа мәдениет үйіне бард ақын Табылды Досымовтың атын беру туралы құжаттар облыстық ономастикалық комиссиясына жіберіледі. Егер бастама онда қолдау тапса, құжаттар республикалық ономастикалық комиссиясына жіберіледі. Олардың рұқсатымен ғана мәдениет үйі Досымовтың атында аталады, - деп хабарлады аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жеміс ТІЛЕПҚАЛИЕВА.

Аудан бойынша келесі жылы тағы екі мәдениет үйі пайдаланылуға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл - Есбол ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі және Бөдене ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі. Олардың құрылысы ТШО-ның демеушілігімен жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.