Атырау, 28 қараша 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аудан жолдарын қар басып қалды

3 106 просмотра

Желтоқсан айының бастапқы онкүндігінде қалың жауған қар Махамбет ауданы тұрғындары үшін көп қиындық туғызып отыр.

Біз осыған дейін Махамбет ауданындағы «Өткел» елді мекені тұрғындарының, әсіресе, мектеп оқушыларының қараңғыда бастарын қатерге тігіп, Жайық өзенінен мұз үстімен өтуге мәжбүр екендіктерін жазған болатынбыз. Осы жарияланымнан соң жергілікті әкімдік мұз үстіне ағаштан 150 метр жол салыпты. Сондай-ақ, әкімдік 18 оқушыны мектепке тасымалдауға арналған «Газель» автокөлігін бөлді. Бұл туралы бізге Махамбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амангелді СИСЕНОВ хабарлады.

Атырау-Доссор-Құлсары трассасындағы Доссордан кейінгі 35 км жол мұздаққа айналып, жол көлік қозғалысын қиындатып жіберген.

- Енді Атырауға барып- келу үшін төрт-бес сағат жүруге тура келіп отыр. Неге жолдарда алдын ала ескерту жұмыстары жүргізілмейді? Жолдарға химреагенттер неге төселмейді? Жолшылар қайда қарап отыр? – деп шамданады көлік жүргізушілер.

Қызылқоға ауданында жауған қар мен борасын шалғай аудандағы қыстақтарда жол қатынасын қиындатып отыр.

«Жаңа арна» ЖШС-нің директоры Хамидолла АБДРАХМАНОВТЫҢ айтуынша, ауданға қарасты ауылдарда қар аршу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.