Атырау, 29 наурыз 20:20
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қақаған қыстағы қауырт құрылыс

Сурет
3 401 просмотра

Индербор поселкесінде тротуарларда төсемтас төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігер ауа райының қолайсыздығына өз мойнына алған міндеттемені орындауға үлгеру үшін асығып отыр. Әйтпесе, тротуар да, бюджет ақшасы да болмайды.

- Қаржы тамызда бөлініп, конкурс жеңімпазын анықтау уақыты екі айға созылды. Мердігері «Әлеуметтік қызметтер орталығы» қарағандылық қоғамдық ұйымы жұмысқа 8 қарашада кірісті. Сосын құрылыс материалдарын жеткізуде кідіріс болды. Осының салдарынан қараша айында 19 млн теңгенің ғана жұмысы атқарылды. Яғни, жалпы 8 642 шаршы метрге төсемтас төсеу керек болса, күні бүгінде 2 000 шаршы метр жерге төселді. Бүгінде жұмыс көлемінің төрттен бір бөлігі ғана атқарылды. Жұмыстар баяу жүріп жатыр, - дейді поселке әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ.

- Неге асығыстық қылып жатырсыздар?

- Біз қалай еткенде де бөлінген қаржыны осы жылы толық игеруіміз керек. Егер игере алмасақ, қаржы қазынаға кері қайтарылады. Ондай жағдайда келесі жылы оны ала алмаймыз. Онда жұмыс толық аяқталмай қалады, - дейді А.Құсайынов.


Жергілікті тұрғындар жұмыстардың аяқталуын асыға күтіп жүр. Алайда, аяқзды күні қар араласқан топырақтың үстіне төселген төсемтас қаншалықты ұзақ тұратынына алаңдайды.

Поселкенің Тұхфатов, Оңдасынов, Уәлиханов, Тайсойған, Меңдіғалиев көшелері бойындағы тротуарлардың құрылысына республикалық бюджеттен 114 млн 900 мың теңге бөлінген. Келісімшартта көрсетілгендей, жұмыстар осы жылдың 25 желтоқсанында бітуі тиіс. Тапсырысшының айтуынша, бүгінде мұнда Индер ауданынан ғана емес, Атырау және Оралдан жиналған 50-ден астам адам жұмыс жасауда.

Алмас Құсайыновтың айуынша, егер қар көп болса, жұмыстар уақытша тоқтатылады. Нысанның кепілдік мерзімі – 3 жыл.

- Егер көктемде жұмыстың сапасыздығы білінсе, онда мердігер мекеме жөндеуді тегін жасайды. Бүгінде мердігер жұмысын ойдағыдай атқаруда, - дейді А.Құсайынов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
14 желтоқсан 2016, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.