Бүгін, 13 желтоқсанда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ақордада бір топ қазақстандықты марапаттады.
Ордендер мен атақ алушылар қатарында өндірістік сала, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау саласының өкілдері, әскери қызметкерлер, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері болды.
Атап айтқанда, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, премьер-министрдің орынбасары Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА, Астана әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ, осы жылы бірнеше жанжалдардың арқасында кең танымал болған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ марапаттармен белгіленді. Сонымен қатар, бүгінгі күні «Парасат» орденімен Атырау облысының әкімі – Нұрлан НОҒАЕВ, Қарағанды облысының әкімі – Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, балет әртісі Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА мен скрипкашы Гаухар МЫРЗАБЕКОВА марапатталды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
«АЖ» анықтамасы: «Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.