Исатай ауданы тұрғындарының арасында Атырау трассасы – Ресей шекарасы маршруты қалпына келтіруден кейін өзгереді деген қауесет желдей есуде. Кейбіреулері жолдың Жанбай ауылы арқылы салынатынын айтса, басқалары – бұрынғыша Аққыстау мен Тұщықұдық ауылдарының арасына салынады дейді. Ал енді біреулері нәтижесінде аудан орталығы Аққыстаудан Қызылүй ауылына көшеді деседі.
«Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы бөлімінің басшысы Сәуле КУРЖУМОВАНЫҢ айтуынша, республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Ресеймен шекаралас А-27 автожолын қалпына келтіру жұмыстарын «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асыру жоспарланған. Жоба Ислам және Азия даму банктері есебінен қаржыландырылатын болады.
Жоба аясында аталмыш жол учаскелерін – Ақтөбе облысымен шекарадан бастап Мақат поселкесіне дейін ұзындығы
Бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтті. «Атырауинжстрой» ЖШС күшімен Ақтөбе-Атырау-Ресеймен шекаралас (Мақат ауданында) жолының 458-ші және 468-ші километрі арасындағы
Бұдан басқа, Аққыстау мен Тұщықұдық елді мекендерінде ұзындығы
Жоспар бойынша трасса бойында орналасқан бүкіл елді мекендердің жанында жаяу жүргіншілер өткелі, автобус аялдамалары және демалыс аймақтары салынады.
Куржумова айналма жол құрылысынан басқа негізгі трасса маршрутында ешқандай өзгерістер жоспарланбағанын атап өтті.
Трассаның Атырау учаскесін қайта жарақтау бойынша толық ауқымды жұмыстарды 2017 жылдың екінші жартысында бастау жоспарланған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ