10 желтоқсанда «Құрманғазы-авто» көлік-шекаралық бақылау қосынында контрабандалық арақ жәшіктеріне лық толған қырғыз нөмірі бар «Тойота» көлігі тоқтатылды.
Көлік Астрахан-Атырау бағытымен кетіп бара жатқан. Рөлде Қырғызстан Республикасының Джалал-Абад облысында тіркелген 26 жастағы жүргізуші болған. Акциздік маркасы жоқ спирттік ішімдіктің жарты литрлік 366 бөтелкесін тасымалдау әрекеті оны ұстауға себеп болды.
Заң бұзушы заңсыз тауармен бірге Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына табыс етілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ