Атырау, 28 қараша 04:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарлы циклон

Сурет
3 055 просмотра


Бүгін Атырауда күні бойына секундына 15-20 метр ұйтқыған жел соғып, қар жауып, бұрқасын болды.

Бұған солтүстіктен соққан циклон себеп болды. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалы қызметкерлерінің айтуынша, Атырауда қар түннен бастап жауған. Күні бойына тынбады.

- 10-11 желтоқсанда да қар жауады деп күтілуде, ауа температурасының жоғарылауына байланысты жауынға айналуы мүмкін. Жалпы, облыс бойынша таяудағы екі күнде кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп күтілуде, - деп хабарлады жергілікті синоптиктер.

«Қар тазалауға 48 арнайы техника мен 315 жұмысшы жұмылдырылды, қазіргі уақытта қозғалысы анағұрлым көп көшелерде күшейтілген тазарту жұмыстары жүргізілуде. Мұзға айналмас үшін қауіпті учаскелерге (көпірлер, қиылыстар, тік бұрылыстар) арнайы қоспалар себіледі. Орталық көшелер тазартылғаннан кейін мобильді топтар екінші кезектегі жолдарға кіріседі», - деп хабарлады бізге облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Whatsapp арқылы 87011802679 қауырт желісі жұмыс істейді деп хабарланады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

9 желтоқсан 2016, 01:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.