Атырау, 28 сәуір 00:22
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Нысанаға алынған күзетші, пышақ кезелген кассир

2 569 просмотра

Жылыой аудандық соты құлсарылық шапқыншыға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, биыл 15 сәуірге қараған түні Құлсары қаласында азамат М. №8 «Sinooil» жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп барып, «ТОЗ-63» маркалы аңшы қаруын күзетшіге кезеніп, оған қозғалмауға бұйрық берген. Осы уақытта оның сыбайласы Е. кассирге жүгіріп барып, пышақпен қорқытып, оның кассасынан 23 мың теңге түсімді алады. Содан кейін екеуі қылмыс орнынан ғайып болады.

Сот отырысында сотталушы М. (Е.-ге қатысты іс жеке өндіріске бөлінген) өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот оны ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-тармағы 1-тармақшасында («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қарақшылық шабуыл жасау») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 желтоқсан 2016, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.