Атырау, 28 қараша 04:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ағайындылар-2

Бейнежазба
8 027 просмотра

Бұл бейнежазба желілерде желтоқсанның басында пайда болды. Алайда, кадрда билеп жүрген адамдар жазғы киімде жүр. Үлкен бөлмеде орнатылған экраннан Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің інісі Аманжан Рысқалиев (Атырауда Ахаман есімімен белгілі) екенін жазбай тануға болады. Бейнежазбадан оның қонақтармен скайп арқылы сөйлесіп отырғанын көреміз. Бейнежазба қашан және қайда түсірілген? Ахаман қай жақтан хабарласып тұр?

Атырау шағын қала, көпшілігі бейнежазбадан таныстарын таныған, тіпті кадрдың 2016 жылдың жазында бір салтанатта, бәлкім, тойда түсірілгенін нақтылап отыр. Экрандағы монтаж да, фейк те емес, тірі Ахаман екені күмәнсіз.

Сонымен інісі тірі. Ол қазір қайда? Оның ағасы Бергей Рысқалиев қайда жүр? Тірі ме? 2012 жылдың 12 қазанында «Ақ Жайық» редакциясы ҚР ҰҚК-нен өз сауалына жауап алған еді:

«Қазақстан Республикасының азаматтары Бергей Сәулебайұлы РЫСҚАЛИЕВ пен Аманжан Сәулебайұлы РЫСҚАЛИДЫҢ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне қатысты жолдаған хатыңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі қарап шыққанын хабардар етеміз.

2012 жылдың 15 тамызы мен 3 қазаны аралығында аталмыш азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жоқ».

Кейін ағайынды Рысқалиевтардың қай жерде екендігі туралы ешқандай ресми ақпарат болған жоқ. Ағайындыларға мемлекетаралық іздеу жарияланғандығы бейресми түрде хабарланды.

2014 жылдың басында Рахат ӘЛИЕВ тірі кезінде фейсбукке Бергей мен Аманжанның Н.Назарбаевтың бұйрығы бойынша өлтірілгенін, олардың денесі Бурабайдағы президент резиденциясының аумағына көмілгенін жазған еді. Бұған ешкім сенген жоқ, алайда, ағайынды Рысқалиевтар тірі емес деген жорамалды да ешкім теріске шығармады. Енді, міне, 2016 жылдың жазында түсірілген бейнежазбаны көріп отырсыздар.

Төменде айтылғандар – түрлі бейресми дереккөздерден алынған үзік-үзік ақпарлар.

Бергей мен Аманжан Рысқалиевтар және олардың достары қазір Лондонда тұрады деседі. Ұлыбритания астанасындағы дереккөздер Ахаманның осы жазда скайп арқылы Атыраумен байланысқа шыққанын, ағайынды Рысқалиевтардың отбасыларының да Лондонға қоныстанғанын растайды.


Жеке ақпарат

6 желтоқсан 2016, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.