Қарашада ҚР үкіметі 2014 жылы әзірленген Атырау қаласының Бас жоспарын бекітті. Бұл туралы облыстық қала құрылысы кеңесінің отырысында облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ хабарлады.
«Мұнай астанасының» бас жоспары 2030 жылға дейін есептелген. Осы уақыт ішінде оның аумағы үш есеге кеңейеді (16 мыңнан 45 мың гектарға дейін). Қала Жайықтың екі жағалауының бойымен Бесікті ауылына дейін солтүстік бағытта дамитын болады. Болжам бойынша 2030 жылы облыс орталығының халқы 350 мың адамды құрайды (ресми мәліметтер бойынша 2015 жылы 217 мыңды құрады).
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ