Биылғы көктемде тасыған Құрманғазы ауданындағы Қиғаш суының арынына салынған валдар мен бөгеттер әзер төтеп берген. Бұл жағдай қайталанбас үшін бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Бөгеттерді қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 47 млн бөлінді. Діңғызыл, Шортанбай, Көптоғай, Кудряшов округтерінде бөгеттерді көтеру, қапшықтар төсеу, т. б. жұмыстар жасалуда. Бұл жұмыстарды «Декор» ЖШС атқаруда.
- Шортанбай ауылында жұмыстар аяқталды, - дейді Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ. - Жыл соңына дейін бөлінген қаржы түгел игерілетін болады. Бөгеттерді толық қалпына келтіру үшін әлі 350 млн теңгедей қаржы қажет. Бүгінде бөгеттерді күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Келесі жылы бізге осы қаржы берілуі тиіс. Егер ұйымдастыру жұмыстарын үлгерсек, келесі жылы көктемде жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА