Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні атап өтіледі. 1993 жылы Атырау облысында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы пациент тіркелген кезден бері 230 жағдай анықталды. Әсіресе, Атырауда жақында ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы сәбидің тіркелгені жабырқатады.
- Жыл басынан бері 19 адам анықталды – оның 10-ы ер адам және 9-ы әйел. 13 жағдайда ауру жыныстық жолмен (11-і гетеросексуалдық байланыс, 2-уі гомосексуалдық байланыс арқылы), 5 жағдайда инъекция арқылы жұқтырылған, біреуінде – анасынан баласына жұққан, - дейді облыстық ВИЧ-тің/СПИД-тің алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнар ОМАРОВА.
Дәрігерлер егер бұрын ВИЧ тек тамыр арқылы тарап, оған көбінесе ине салатын нашақорлардың шалдыққанын айтса, енді соңғы бірнеше жылда жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтыратын пациенттер саны көбеюде. Олардың арасында жастары келген адамдар да бар. Г.Омарованың айтуынша, тек қан арқылы – қан құйдырған кезде, залалсыздандырылмаған шприцті қолданғанда, жыныстық қатынас бойынша серіктестерінде микрожарақат болған жағдайда жұқтыруға болады деген қоғамда қалыптасқан пікір шындыққа сай келмейді. Инфекция тіпті ана сүтімен де беріледі.
Бүгінде әлеуметтік мәртебе аурудан сақтау көрсеткіші болып табылмайды. Биыл анықталған сырқаттардың 10-ының тұрақты жұмыстары бар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА