Атырау, 28 қараша 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Ембімұнайгаз» АҚ ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысымен танысты

PR
2 394 просмотра

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты Прорва кен алаңындағы (Жылыой ауданында) ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының (әрі қарай ГКДҚ) құрылыс алаңында болып қайтты.

Құрылыс нысанында Н.Ноғаевқа «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ, Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВ және басқалар жол бастап жүрді.

ГКДҚ – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ірі инвестициялық жобасы. Жылына 150 млн текше метр газды өңдейді деп жобаланған қондырғы іске қосылғаннан кейін жыл сайын: тауар газы, тұрақты газ конденсаты және түйіршіктелген күкірт өндіріледі деп күтілуде. Тауар газды «Толқын» ГКДҚ-ГЖП (газ жинау пункті) кеніштік газ құбыры арқылы тасымалдау жоспарланып отыр, тұрақты газ конденсаты өндірістің сұранысына орай пайдаланылып, ал түйіршіктелген күкірт – ішкі және сыртқы нарыққа сатылатын болады.


- Отандық жер қойнауын пайдаланушылар үшін экологияны сақтау - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Осы жылдың аяғында жалпы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. Қысқы маусымға байланысты іске қосу-реттеу жұмыстары 2017 жылдың көктемінде басталады. ГКДҚ іске қосылғаннан кейін ЕМГ ілеспе газды ауада жағуды толықтай тоқтатады, - деп түсіндірді облыс әкіміне Қ.Есқазиев.

Қондырғымен танысқаннан кейін облыс әкімі Прорва кенішіндегі мұнайшыларға арналған «Каспий самалы» вахталық поселкесіне барып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайымен танысты.

Бұл сапар өздігімен ағып жатқан ұңғымалары бар Жылыой ауданының аумағын аралап ұшумен аяқталды. Каспий теңізінің су басқан аймағында жеті кеніш бар, оның төртеуі – Батыс Прорва, С.Нұржанов, Тәжіғали және Батыс Тереңөзек кеніштері ЕМГ-ге тиесілі. ЕМГ кеніштерінде өздігімен ағып жатқан ұңғымалар жоқ.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

23 қараша 2016, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған