Атырау, 7 мамыр 06:43
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

№14 үйде ұрлықтар тыйылмай отыр

1 614 просмотра

Нұрсая ықшамауданындағы №14 үйде жиырма шақты пәтерге ұры түскен. Ұрлықтың басым бөлігі әзірге ашылмаған. Бір қызығы, подъездердің бірінде полицияның тірек пункті орналасқан.

240 пәтерлік үйге өткен жылдың маусымында опырылып құлаған Баймұханов көшесіндегі жатақхананың тұрғындары, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері, жауынгер-интернационалистер мен аз қамтылған отбасылар қоныстандырылған болатын.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, №14 үйде жыл басынан бері 21 ұрлық тіркелді, оның бесеуі ашылған. Жасы 19-дағы бір күдікті ұсталды, одан заттай айғақтар алынды. Оның басқа ұрлықтарға қатыстылығы тексерілуде.

Г.Мұхтарованың айтуынша, жүргізілген талдау жұмыстары зардап шегушілер полицияға дер кезінде хабарламағандықтан қылмысты ашу қиынға соғатынын көрсеткен. Өйткені, баспаналарын ұзақ уақыт қараусыз қалдырып кетеді. Сонымен қатар, бүкіл пәтерлерде есік құлыптарының бірдей болуы да қаскөйлердің «жұмысын» жеңілдетеді. Мұндай пәтерлерге кілттерді салып қарап, ашып алу қиын емес. Бұл жердегі балкондар шектес болғандықтан, қылмыскерлер бос тұрған бір пәтерден екіншісіне оп-оңай кіре алады.

№14 үйдегі ұрлықтарды ашуды ІІД басшылығы бақылауға алған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қараша 2016, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.