Қызылқоға ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВТІҢ айтуынша, ауданда малдардың арасындағы пастереллез індеті толықтай тоқтады.
Естеріңізге салсақ, қыркүйектің аяғында Ойыл ауылдық округінде қойлардың арасында жаппай қырылу оқиғасы орын алып, «Жас қайрат» ЖШС-нде 572 қой, ал жеке қожалықтарда 63 қой өлген болатын.
- Пастереллез жұқтыру фактілері тіркеліп отырған жоқ, - дейді С.Латиев. – Біз барлық малға екпе салдық, енді етті сыртқа шығаруды және малды бір-біріне қосуды шектеуді қашан алатын күтудеміз.
Айтпақшы, өлген малдардың иелеріне мемлекеттен өтемақы төлеу қарастырылмаған. Бізге облыстық ветеринария басқармасынан хабарлағандай, ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2014 күнгі №7-1/559 бұйрығына сәйкес, өтемақы тиесілі эпидемиялық аурулар тізімі белгіленген. Пастереллез бұл тізімге енбеген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА