Атырау, 28 қараша 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Далалыққа ұялы телефонсыз шықпаңыз

2 251 просмотра

Қарашаның 18-і күнгі қарлы боранда Жарсуат ауылының екі тұрғыны жоғалып кетті. Бірақ, бірнеше сағаттан соң олар өздері баққан малмен бірге табылды.

- Әдетте ауыл тұрғындары қой және ешкі малдарын 25 шақырым жердегі «Жандалы» қыстағындағы малшыға көктемде аманаттап қосып қоятын. Ал суық түскенде ауылға әкеліп, өз аула-корасында бағып күтеді. Бес үйдің аманатын екі адам жаяу айдап келуге келісіп, таңертеңгі тымық күнде малды айдап кері шыққан. Біраздан кейін аяқастынан көз түрткісіз қарлы боран соғып, малды игере алмай адасып кеткен, - дейді Жарсуат ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали АЗҒАЛИЕВ.

Адасқан малшылар ұялы телефон арқылы көмек шақырған. Ауылдан оларға көмекке бірнеше адам көлікпен шығады. Көмек уақытында көрсетіліп, адамдар да, малдар да зардап шекпеген.

Сол күні Жылыой ауданында мал іздеуге шыққан жалдамалы малшы жоғалып кеткен. Таңертең кеткен малшыны түнгі сағат бірдің шамасында аудандық ТЖ қызметкерлері тапқан. Уақытында көрсетілген көмектің арқасында ол үсіктен аман қалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қараша 2016, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.