Атмосфералық қысымның жоғары болуына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы Атырау мен Оралға (шығу және келу) қатынайтын өз рейстерін тоқтатты.
Рейстер 20 қарашада, бүгін, 21 қарашада тоқтатылды, олар ұшуды әлі жалғастырған жоқ. Бұл күндері атмосфералық қысым
Ал Атырауда рейстер орындайтын «Бекэйр» мен «Скат» әуе компаниялары өз кестелеріне ешқандай өзгерістер енгізбеді. Ауа райын болжаушылардың болжамы бойынша, бүгін түстен кейін қысым төмендей бастауы тиіс, бәлкім, әуе қатынасы қалпына келтірілетін болар.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылдың ақпанында Атырауда 37 жыл ішінде алғаш рет
Бүгін, 23 қарашада «Эйр Астана» Атырауға өз рейстерін әлі жалғастырған жоқ.
20 қарашадан бастап барлығы 38 рейс тоқтатылған.
Айтпақшы, Орал әуежайы кешеден бастап ұшақтар қабылдай бастады. Атыраудағы қысым, әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әлі де ұшуды жалғастыруға мүмкіндік бермейді екен. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларын «Эйр Астана» өз жауапкершілігі шеңберінде қайтадан қонақ үйлерге орналастыруда. Кейбіреулеріне өз рейстерін күткеніне төртінші тәулік болған.
Компаниядағылар Атыраудағы ұшуды жалғастыру уақытын атамай отыр, алайда күн сайын жаңартылған метеомәліметтер алып отырғандығын растады. Ал атмосфералық қысым қарашаның аяғына қарай стандартты 760 мм-ге дейін түсуі мүмкін деген болжам бар.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА