Атырау, 28 қараша 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Сушар» қызметінің тарифі көтерілді

Сурет
2 979 просмотра

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2017-2021 жылдарға «Қазсушар» РМК АФ-ның реттелетін қызметтеріне 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетін тарифтердің шекті деңгейін бекітті.

Магистралды құбырға су беру бойынша тариф бір текше метр үшін 595,7 теңге (ҚҚС-сыз) көлемінде, каналға су беру бойынша – бір текше метрге 17,9 теңге көлемінде бекітілді. Бұдан бұрын «Сушар» филиалы монополияға қарсы қызметкерлерден каналдарға су беру бойынша қолданыстағы тарифті бір текше метр үшін 15,6-дан 32,57 теңгеге дейін, яғни екі есеге; Қоянды магистралды құбырына су беруді бір текше метр үшін 337,4 теңгеден 1532,52 теңгеге дейін, яғни 4,5 есеге көтеруді өтінген болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.