Атырау, 7 мамыр 07:10
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Арнайы техникамен қысқа қамданды

Сурет
2 934 просмотра

«Арнаулы автобаза» ЖШС жаңа күзгі-қысқы маусымға қосымша арнайы техника сатып алды.

Атырауға қар тазалайтын 2 машина, 1 трактор, 8 трактор тіркемесі, 4 роторлық шөп шапқыш, 7 бульдозер қайырмасы, үш корпусты аспалы соқа, 4 бункерлік щетка жеткізілді. Бұдан басқа, қалалық әкімдік есебінен «Арнаулы автобаза» қоқыс шығаратын 6 машина мен 7 трактор алды.

Алғашқы қар жауған күндері облыс орталығының жолдарын тазартуға қар тазалайтын 46 техника жұмылдырылды. Соның ішінде, өзі аударғыш 15 машина, 10 вакуум, 1 автогрейдер және қар тазалайтын 3 топ (бұл 340 шақты адам) бар. «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлеріне жолдар мен алаңдардан қар тазарту өтінішімен Whatsapp қауырт желісіндегі 8701 180 26 79 нөміріне хабарласуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қараша 2016, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.