Түнде, романтиктер үшін керемет уақытта мұнай астанасының көшелері мен жолдарын алғашқы қар басты. Күн шыққан кезде қала тұрғындары, соның ішінде, автоәуесқойлар жолдардың сырғанаққа айналғанын түсінді.
Таңертең қалада кептелістер пайда болып, қоғамдық және басқа да автокөліктерге қозғалыста күтіп тұруға мәжбүр болды. Осы себепті атыраулықтардың көпшілігі бүгін жұмыс орындарына кешігіп жетті. Коммуналдық қызметтерге, дөңгелек жөндеу станциялары секілді, таяу күндері көп жұмыс істеуге тура келеді. Көпшілігі әлі күнге дейін жазғы дөңгелектерін қысқы түріне ауыстырмаған, көлік жөндеу орындарында ұзын-сонар кезек түзілген.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор