Атырау, 28 қараша 06:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Педиатрлар қайта оралады

2 695 просмотра

Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1993 жылы 15,5 млн теңгеден бастап 2016 жылы 26 млрд 754,3 млн теңгеге дейін өсті. Мұнда республикалық бюджет 68,9%, ал жергілікті бюджет - 31,1% қаржы бөліп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ хабарлады.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА НЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК?

Ол сонымен қатар, облыста 1991 жылдан бастап медицинаның дамуын сипаттайтын мәліметтерді келтіріп өтті. Туу санының көрсеткіші едәуір өсті, бұл цифр ретінде былайша көрініс табады: 90-шы жылдардың басында шамамен 12 мыңнан, 2015 жылы – 16 393 баладан дүниеге келді. Әсіресе, сәби өлімінің азаюы дәрігерлер үшін жақсы жетістік: аталған кезеңге сәйкес, сәби өлімі бір жасқа дейінгі 323 баладан 129-ға дейін төмендеді. Бұл «тірі туу» деп аталатын стандарт таяудағы уақыттан бері өзгертілгеннен кейін орын алып отырған жағдай, енді дәрігерлер 500 грамм және одан жоғары салмақпен туған сәбилерге күтім жасауы тиіс.

Атырау облысында өмір сүру ұзақтығы осы мерзім ішінде орташа алғанда 66,8 жастан 72,5 жасқа дейін өсті. Өкінішке орай, гендерлік белгі бойынша бөліністерді медиктер ұсынбады, алайда, орташа алғанда әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл көп өмір сүретінін атап өтті.

Қазір облыс тұрғындарына 215 денсаулық сақтау ұйымы медициналық қызмет көрсетеді, оның 177-сі мемлекеттік және 38-і жеке ұйымдар. Ал медицина кадрларына қатысты жағдай бүгінде Тәуелсіздік қарсаңына қарағанда нашар. Егер 1991 жылы денсаулық сақтау саласында 1744 дәрігер мен 5599 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істесе, 2016 жылы бұл көрсеткіш – тиісінше, 1710 және 5074 болып отыр.

- Экономикалық тоқырау кезеңінде 1991 жылдан бастап 1999 жылға дейінгі аралықта дәрігерлердің үштен бірі денсаулық сақтау саласынан басқа салаларға кетіп қалды. Алайда, 2000 жылдардан бастап баяу да болса тұрақты өсу жүріп жатыр. Дегенмен де, бүгінде өңірде 75 дәрігер жетіспейді, - деді Аманбек Жұмыров.

КӨЗ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖЕТІСПЕЙДІ

Жақында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА Қазақстанда педиатрия институты қалпына келтірілетін болады, деп мәлімдеді. Кешікпей емханаларда балалар мен ересектерді қайтадан түрлі дәрігерлер қабылдайтын болады. Мен Жұмыров мырзадан бұл мәселенің Атырау облысында қалай шешілетінін сұрадым.

- Медициналық жоғары оқу орындары төрт жылдан бері педиатрлар оқытпайды, олар жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді әзірлейді. Өйткені, соңғы жылдары медицинада бұл мәселеде басқа көзқарас болды. Ал ауылдағы дәрігерлік амбулаторияларда бар болғаны бір дәрігер әр уақытта терапевт, педиатр, акушер-гинеколог қызметін атқарады. Педиатрлар негізінен облыс орталығына қажет. Олар бізде бар. Қолдарында дипломдары бар, олар ешқайда жоғалған жоқ. Біздің облысымызда 112 дәрігер-педиатрлардың 61-і жалпы тәжірибе дәрігерлеріне қайта оқытылған. Бірақ, олар педиатрлар ретінде жұмыс істей алады. Қазір үкімет педиатрия институтын жаңартуға тапсырма берді, ол орындалады деп ойлаймын, - деп жауап берді ол.

Біздің оқырмандарымыз облыстық офтальмологиялық ауруханадағы ұзын-сонар кезекке жиі шағымданады. Бұған мекеме әкімшілігі дәрігерлердің жетіспейтіндігін, ал облыстық басқарманың оларға штаттық бірліктер бөлмей отырғанын айтты.

Облыстық офтальмология – бұл шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, ол облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы емес, Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті арқылы қаржыландырылады. Тиісінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіпорнының штаттық санын реттей алмайды, мұнымен аурухананың өзі айналысады. Сондықтан кезекке тұрыңдар, құрметті жолдастар!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.