Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мектептердегі диспенсерлер туралы

3 465 просмотра

Мектептерде балаларды ауыз сумен қамтуды асханаға қызмет көрсететін мердігерлер қамтамасыз етуі тиіс. Ата-аналар комитеті бұған ақша бөлуге міндетті емес. Бұл туралы қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмабек АБДОЛОВ ресми хатында хабарлады.

Оқу жылы басталғанда «АЖ»-ға түрлі мектептерде оқитын оқушылардың ата-аналары бірдей шағыммен әлденеше рет хабарласқан еді. Олардан су мен бір мәрте қолданатын стакандар алу үшін үнемі ақша сұратады екен. Мектеп әкімшілігі мұны қалалық тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің талабы деп түсіндіріп, егер мектеп балалар үшін ауыз су режимімен қамтамасыз етпесе, оларға айыппұлдар салынады дейді екен. Жақында бізге Атырау мектептерінің біріндегі ата-аналар комитетінің өкілі тағы да хабарласты.

Жоғарыдағылар мектептердегі алым-салықтар заңсыз деп үнемі растайды. Сөйте тұра, бізге ата-аналардан ақша жинауға мәжбүрлейтін шарттар қояды. Міне, мәселен, сынып жетекшісі біздің комитеттің мүшелеріне WhatsApp арқылы мынадай мазмұндағы хат жолдады: «Атырау қалалық СЭС стандарттарына сәйкес, мектептердегі ауыз су режиміне қатысты тікелей кабинеттерде: 2016-2017 оқу жылына ауыз су режимін енгізу туралы ата-аналарға хабарлау. Осыған байланысты әр кабинетке техникалық құжаты бар диспенсер алу қажет. Сыйымдылығы 19 литр болатын бөтелкедегі таза суды жеткізумен айналысатын фирмамен келісімшарт жасасу керек. Сонымен қатар, бір мәрте қолданатын стакандар алу немесе әр оқушы үшін пластмасса бокалдар, стакандар алу қажет. Ата-аналар комитеті мен сынып жетекшілеріне хабарлау керек», - деп әңгімелейді ата-ана Айгүл. – Су сатып алу үшін ақша жинауға ата-аналардың барлығы бірдей келісе бермейді, ал балалар мектепте су ішкілері келеді, әсіресе, дене шынықтыру пәнінен кейін. Нәтижесінде, барлығы үшін белгілі бір ата-аналар ақша жинайды.

Біз қалалық білім бөліміне «қалалық тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінен әр оқу кабинетіне диспенсерлер алу және су жеткізу туралы фирмалармен келісімшарттар жасау қажеттілігі туралы нұсқау алды ма?» деген сұраққа жауап беру өтінішімен жүгіндік. Сонымен қатар, қалалық бюджеттен қала мектептеріне ауыз су режимін қамтамасыз етуге қаржы бөліне ме деп сұрадық. Қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Абдолов қалалық білім бөлімінің қалалық санитарлық дәрігерлерден ешқандай нұсқау алмағанын, өз тарапынан ата-аналар комитетіне ауызша да, жазбаша да тапсырма бермегенін айтты. Абдоловтың айтуынша, су және басқаларды сатып алуға мектеп бюджетінде қаржы қарастырылмаған. Сондықтан «мектептердегі ауыз су мәселесі асханаға қызмет көрсетуші мердігерлердің көмегімен шешілуі тиіс».

Мектеп асханаларына қызмет көрсететін мердігерлердің айтуынша, шынымен де келісімшартта мұндай тармақ жазылған. Сондықтан, олар асханаларға бөтелкеге құйылған ыдыстарды орнатып, жандарына пластик стакандар қояды екен. Аптасына, олардың айтуларынша, 19 литрлік ыдыстың екі-үшеуі кетеді. Жалпы, қалаған уақытында балалар асханадан су іше алады. Егер диспенсер сыныпта тұратын болса, қалай болғанда да ата-аналар су мен стакан үшін ақша төлеуге тиісті емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

15 қараша 2016, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.