Атырау, 28 қараша 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қауіп төндірген жаға

Сурет
2 184 просмотра

Соңғы бірнеше жыл қатарынан Индер ауданына Бөдене ауылының тұрғындары Жайық өзенінің құлама жары адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұрғаны жайлы билікке дабыл қағумен келеді.

Өзеннің қатты ағысы қауіпті жағаға соғып, біртіндеп құлатуда. 2010 жылы жағаға тиіп тұрған үйлер бұзылып, тұрғындар басқа орындарға көшірілген еді. Бірақ, су тағы бір үйдің ауласына жақындап қалған. Қауіпті аумақты сыммен қоршап қойған, алайда...

- Әсіресе, көктемде су тасыған кезде қауіпті. Үй мен жардың арасы төрт метр, ол кез келген сәтте құлауы мүмкін, - дейді жергілікті тұрғындар. - Өзенге жақын бармауға тырысамыз, бірақ балалар біздің тілімізді ала бермейді. Қайғылы жағдай орын алмай тұрғанда жағаны бекіту керек.

Бұл туралы Бөдене ауылының әкімі Жанболат ҚИЗАТОВ былай деді:

- Әрине, біз бұдан хабардармыз. Біз тұрғындарға қауіптілік туралы үнемі ескертіп отырамыз. Ол жерде тек балалар ғана емес, үлкендер де сымнан әрі қарай өтіп жатады. Жағаны бекіту мәселесіне келсек, мұның көп қаржыны талап ететінін түсінуіміз керек. Онда әңгіме үлкен көлемді темірбетон мен құрылысшылар жұмысы және т.б. туралы болып отыр ғой. Қазір біз облыстық әкімдікке жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге сұраныс дайындап жатырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

14 қараша 2016, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.