Атырау облысы шалғай ауылдар үшін 23 жедел жәрдем көлігін сатып алды.
Құрманғазы ауданына санитарлық машинаның 7-уі, Қызылқоға ауданына – 5-уі, Индер ауданына – 3-уі, Исатай ауданына – 2-уі, Мақат ауданына – 2-уі, Махамбет пен Жылыой аудандарына бір-бір машинадан кетті. Тағы екі машина Атырау маңындағы ауылдарға жіберілді.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің пікірінше, техника сатып алу шалғайдағы елді мекендердегі шұғыл шақыртуларға тез әрекет ету проблемасын шешуге көмектеседі. Еске сала кету керек, шілдеде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ Құрманғазы ауданына барған сапарында тұрғындар жедел жәрдемді ұзақ күтуге тура келетіндігіне шағымданған болатын. Өз кезегінде медиктер өздерінің баяулығын техниканың тапшылығымен түсіндіреді. Енді бұл проблема шешілді, көліктердің басым бөлігі Құрманғазы ауданына берілді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА